14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №185 

501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 7 сәуір, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды  деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі №185 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы №182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 59-құжат). 2. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы атақтар берілген қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері мен тиесілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы №1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №46, 470-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы №182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы №884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы №820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №34, 335-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы №1380 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №2, 19-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі №722 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі №722 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы №1756 қаулысы.